Өмірін спортты дамытуға арнап, салауатты өмір салтын насихаттап, елорданың абыройын асқақтатып жүрген жаттықтырушыларымызды және сала мамандарын құрмет тұтып, еңбектері лайықты бағаланды.
Сонымен қатар ұжым өкілдері “Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы тарапынан да марапаттарға ие болды.
Бұл – тек төсбелгі мен куәлік қана емес, бұл – олардың кәсібилігінің, табандылығының, өз ісіне адалдығының және елорданың болашақ жеңістері жолында күнделікті атқарып жүрген орасан еңбегінің жемісі.







