Skip to content

Қазақстан Республикасының спорттық этикасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген (2025 жылғы 27 маусымдағы № 107 өзгерісімен).

Жалпы ережелер

Спорттық этика «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленіп, спортшылардың, жаттықтырушылардың, оқытушы-жаттықтырушылардың және спорт төрешілерінің мінез-құлық қағидаларын белгілейді.

Мінез-құлық қағидалары

Әділ ойын принциптерін ұстану, қарсыласқа, төрешілерге, жанкүйерлерге және ұйымдастырушыларға құрметпен қарау.

Қоғамға қарсы іс-әрекеттерге, алкоголь мен есірткі қолдануға, бейәдеп сөздер мен ым-ишараға жол бермеу.

ҚР Мемлекеттік рәміздеріне және жарысқа қатысушы елдердің рәміздеріне құрметпен қарау.

ҚР Мемлекеттік Гимнінің мәтіні мен әуенін білу, орындау кезінде этикалық нормаларды сақтау.

Марапаттау рәсімдеріне қатысу, медаль, кубок, грамоталарды қадірлеу.

Ресми шараларда ұлттық құрама немесе спорт клубының спорттық киімінде болу.

Даулар мен спорт абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болу.

Дискриминацияға, саяси және діни демонстрацияларға жол бермеу.

Ұйымдардың міндеттері

Жаттықтырушыларды, төрешілерді және спортшыларды еңбек шарты немесе спорттық келісім жасалған күні Спорттық этика мәтінімен таныстыру.

Спорт ұйымдарында және спорт нысандарында Спорттық этика мәтінін көрнекті жерлерге орналастыру.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *