Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, елордалық Кирилл Герасименко Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы жекелей сында Герасименко финалда мысырлық Омар Ассармен кездесіп, шешуші ойында 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша, ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында Ассарға есе жіберген кездесудегі жеңілісінің есесін қайтарды.
Сурет: Тұрар Қазанғапов



