Skip to content

Таразда балуандар бәсекесі өтуде

Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел біріншілігі, 9-18 наурыз аралығында өтуде. Аталған жарыста еліміздің әр өңірінен келген балуандар боз кілемде бақ сынап, үздіктерді анықтауда.

Жарыс қорытындысы бойынша грек-рим күресінен U23 санатында Астана қаласының спортшысы Қуаныш Бағлан 97 келі салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды.

Спортшымызды жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *