Skip to content

Астана қаласындағы Ботаникалық бақта алдағы референдумды қолдау мақсатында жаппай жүгіріс ұйымдастырылды

Шараға 2000-ға жуық спортшы мен жастар қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шараға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм, сондай-ақ түрлі спорт саласының өкілдері қатысты.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына денсаулықтың маңызын түсіндіре беруіміз қажет. Бүгінгі жүгірісіміз алдағы референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Баршаңызды өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм.

Қатысушылар 2,5 және 5 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті.

Сонымен қатар, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит те қатысушыларға үндеу жасап, референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі жүгіріс 15 наурызда өтетін алдағы референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл – еліміз үшін маңызды оқиға. Сондықтан баршаңызды бүгінгі старттағыдай белсенділік танытып, референдумға келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Әрбір дауыс маңызды», – деді ол.

Айта кетейік, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты референдум 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Аталған іс-шараға Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, бапкерлері және ұжым мүшелері де белсенді қатысып, өз қолдауларын білдірді. Атап айтқанда, грек-рим күресінен спортшы Мерей Мәулетқанов, дзюдодан бапкер Мейрам Айтқабыл және өзге де спорт саласының өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *