Skip to content

Астаналық боксшы «Ұлы жібек жолы» турнирінде топ жарды

2026 жылдың 2–7 сәуірі аралығында Әзербайжанның Баку қаласында дәстүрлі «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 130-ға жуық былғары қолғап шебері қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Жарыс нәтижесінде ерлер арасындағы 80 келі салмақ дәрежесінде елорда спортшысы Бақберген Алиасқаров барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальді қанжығасына байлады.

Жеңімпаз спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *