2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары 2024 күміс жүлдегері, Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай (85 кг) финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.
Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы раундты 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта да басымдық танытып, жеңіске бір табан жақындай түсті.
Нәтижесінде Нұрбек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша елордалық былғары қолғап шебері алғаш рет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Айта кетейік, Нұрбек бұған дейін 2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
Енді Қазақстан құрамасы сапынан финалда тағы бір елордалық боксшы — Айбек Оралбай (+90 кг) өнер көрсетеді.
