Skip to content

Алматы қаласында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы басталды.

Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан қатысып, жүлделерді сарапқа салуда. Олардың қатарында әлем және Азия чемпионаттарының, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де бар.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде елордалық балуандар 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

67 келі салмақ дәрежесінің финалында елордалық балуан Бағдат Сабаз Жамбыл облысының спортшысы Ержет Жарлықасынмен белдесті.

Финалдық кездесуде Бағдат Сабаз белсенді күрес көрсетіп, алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болды. Қорытындысында ол 6:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан кубогының чемпионы атанды.

Сонымен қатар, грек-рим күресінен 55 келі салмақта елордалық Марлан Мұқашев қола медаль иеленіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Алдағы күндері бозкілемге әйелдер мен еркін күрес шеберлері шығады. Қазақстан кубогы 17 мамырға дейін Алматы Арена спорт кешенінде жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *