Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында Астана қаласының спортшысы Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды.
125 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен елордалық балуан жарыс барысында жоғары шеберлік көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, U23 Азия чемпионаты — құрлықтағы ең мықты жас балуандар бас қосатын беделді халықаралық жарыстардың бірі.
Астана қаласының спортшысы Ризабек Айтмұханды және жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
