Бүгін Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Таза Қазақстан» акциясына үн қосып, сенбілік жұмыстарын жүргіздік.
Тазалық — қоршаған ортаға деген қамқорлықтан, туған жерге деген жанашырлықтан басталады. Бірлесе атқарылған әрбір іс қаламыздың көркеюіне, таза әрі жайлы ортаның қалыптасуына қосылған маңызды үлес.
Туған жердің тазалығы — әрқайсымыздың қолымызда. Таза Қазақстанды бірге қалыптастырайық! ♻️🇰🇿

