Skip to content

СЕЙФИЛ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ

23–26 қыркүйек аралығында Степногорск қаласында дзюдодан 2007–2008 жылдары туған жастар арасында Бөгенбай батырды еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы Сейфил Дәулеткерей жоғары нәтиже көрсетіп, I орынға ие болды.

Спортшымызды және жаттықтырушылар құрамын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *