Аичи мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында елордалық велошабандоз Рамис Динмухаметов Қазақстан құрамасы сапында велотректен командалық із кесу сайысының қола жүлдесі үшін таласады.
Қазақстан құрамасы Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Динмухаметов, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан құрамында іріктеу кезеңінде Қытай командасымен жарысты.
Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық велошабандоздар В финалына жолдама алып, Азия ойындарының қола жүлдесі үшін сынға түсу мүмкіндігіне ие болды.
Шешуші жарыс ертең өтеді.

