Skip to content

АЙБЕК АЙТБЕКОВ — U23 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА!

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Айбек Айтбеков финалға жолдама алды.

Жартылай финалда отандасымыз Украина балуаны Y. Pokovba-ны 5:4 есебімен жеңіп, шешуші белдесуге шықты.

Әлем чемпионы атағы үшін Айбек Әзербайжан балуаны E. Aliyev-пен белдеседі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *