Skip to content

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған елордалық спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті.

Қала әкімі XX жазғы Азия ойындарының, V Азия Пара ойындарының, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының және күрес түрлерінен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Азия және Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеке қабылдап, олардың ел спортына қосқан үлесін атап өткен болатын.

2026 жыл елорда спорты үшін табысты өтуде. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша астаналық спортшылар 1 472 жарысқа қатысып, 5 696 медаль жеңіп алды. Оның 2 149-ы алтын, 1 803-і күміс, 1 744-і қола.

Бұл жетістіктер – спортшылардың табандылығы, жаттықтырушылардың еңбегі және спорт ұйымдарының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Кездесу соңында Жеңіс Қасымбек Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *