Skip to content

Тоғызқұмалақтан II халықаралық жарыс Колумбияның Кали қаласында бастау алды.

22-30 қараша аралығында өтетін бұл сайысқа әлемнің 10 елінен 50-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыста Қазақстан, Колумбия, Бразилия, Мексика, Эквадор, Аргентина, Чили, Гватемала, Панама, Венесуэла, Германия елдерінің спортшылары бақ сынауда.

Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы өткізуде.

Бұл жарыс Латын Америкасында тоғызқұмалақтың қарқынды дамуына ықпал етіп,

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының серпінді дәстүрін жалғастыруда. Жарыс классика және рапид түрлерінен өтуде. Ең ерекше тұсы – жарыс жасөспірімдер арасында да ұйымдастырылып жатыр.

Бұл жас ұрпақ арасында тоғызқұмалақтың танымалдығын арттырып, Латын Америкасы елдерінде оның болашағы зор екенін көрсетеді. Ұлттық мұрамыздың осындай кең ауқымда насихатталуы – үлкен жетістік.

Ұлттық ойынды дамытуға, спортшыларға қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде насихатталуына зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне, Ұлттық және ат спорты орталығы.

Тоғызқұмалақтан ҚР ұлттық құрама командасының іссапарына Самұрық-Қазына қоры мен Спортты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетуде.

Жарыстың бас демеушісі – Kazpetrol Group.

Қазақстан құрамасына жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Ел спортшыларының жеңіске жетуіне сеніміміз мол!

# Тоғызқұмалақ

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *