Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті.
Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. А финалындағы жүлделі орындар мен уақыт көрсеткіштері келесідей:
- 🥇 1-орын: Жапония (Чика Йонэзава, Чиаки Томита) 07:14.74 секунд
- 🥈 2-орын: Перу (Алессия Паласиос, Валерия Паласиос) ‘ 07:18.51 секунд
- 🥉 3-орын: Қазақстан (Екатерина Носкова, Мария Чернец) – 07:21.91 секунд
Қазақ ескекшілер – Екатерина Носкова мен Мария Чернец әлемдік деңгейдегі бәсекелестерімен соңына дейін таласып, Гонконг спортшыларынан айтарлықтай (шамамен 9 секундқа) озып кетіп, тұғырдан көрінді.
🇰🇿Тағы бір отандасымыз Артём Матусевич жекелей сында А финалында 7-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, әлем кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді. Жарыста 42 елдің 650-ден астам өкілі жүлдеге таласып жатыр. Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды (Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Артём Матусевич, Мария Чернец, Екатерина Носкова).
