Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогі болып өтті. «Олимпиада қалашығы» спорт кешенінде ұйымдастырылған халықаралық додаға 11 мемлекеттен 1200-ден астам спортшы қатысты.
Азия құрлығындағы ең ірі жастар жарыстарының бірі саналатын бұл турнир спортшыларға халықаралық тәжірибе жинақтап, рейтингтік ұпай еншілеуге мүмкіндік берді.
Аталған жарыста ел намысын қорғаған елордалық дзюдошы Исабаев Мирас 73 келі салмақ дәрежесінде татамиге шығып, қола медаль жеңіп алды.
Спортшымызды жүлделі нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
