2026 жылдың 1–6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. 2 қыркүйекте басталған мангала жарысына 48 елден 105 спортшы — 56 ер және 49 әйел қатысып, жекелей және командалық сында бақ сынауда.
Ерлер арасындағы командалық жарыста Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев Қазақстан құрамасының сапында I орын иеленіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.
Мангала бойынша жекелей жарыстар жалғасуда. Қорытынды нәтижелер 6 қыркүйекте белгілі болады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы мангала жарысында Астана қаласының спортшылары Гульнара Базаралиева мен Құндыз Есіркеп те бақ сынауда.

