Skip to content

Әлемдік спорттың орталығына айналған Қазақстан: еліміз 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды

Биыл қазан айында еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады.

Елімізде ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізу – Мемлекет басшысының спортты дамыту, елдің халықаралық беделін нығайту және Қазақстанды өңірдегі жетекші спорт орталықтарының біріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі іске асырудың нәтижесі.

2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында, бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты 7-14 маусымда, ал таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілде күндері өтеді. Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *