Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, елордалық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай Vesti.kz оқырмандарының нұсқасы бойынша сәуір айының үздік спортшысы атанды.
Сәуір айында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында Айбек Оралбай аса ауыр салмақ дәрежесінде (+90 кг) алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Қытай өкілі Данабек Байкенжені айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Жекпе-жектің үшінші раундында қарсыласын нокдаунға түсірді.
Дауыс беру барысында Айбек Оралбаймен қатар Стас Покатилов, Юлия Путинцева, Әділет Алмат, Ерлік Сертай, Айым Серікбаева және Алматбек Аманбек те үміткер болды.
Нәтижесінде елордалық спортшы 28 пайыз дауыс жинап, бірінші орынға ие болды.
Айбек Оралбайды кезекті жетістігімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
