Skip to content

60 келі салмақ дәрежесінің финалында Астана қаласының балуаны Айбек Айтбеков пен Ақтөбе облысының өкілі Жарас Советов чемпиондық атақты сарапқа салды

Белдесу басталысымен-ақ қызыл балуан Айбек Айтбеков белсенді қимылдап, алғашқы ұпайды қарсыласын кілем сыртына шығару арқылы еншіледі – 1:0. Көп ұзамай ол шабуылын жалғастырып, көк балуан Жарас Советовты кеудеден асыра лақтыру әдісімен 4 ұпайға ие болды.

Осыдан кейін Айбек Айтбеков белсенді күресі үшін тағы бір ұпай алды. Ал белдесудің шешуші сәтінде астаналық балуан қарсыласын тағы да кеудеден асыра лақтырып, тағы төрт ұпай иеленді. Нәтижесінде қорытынды есеп 10:0-ге жетті.

Айқын басымдық көрсеткен Айбек Айтбеков белдесуді небары бір минуттың ішінде мерзімінен бұрын аяқтап, 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *