2026 жылғы 11–22 қаңтар аралығында Қатар мемлекетінің Доха қаласында 🇶🇦 стенд атудан Азия чемпионаты өтуде. Аталған құрлықтық додаға 20-дан астам елдің мергендері қатысып, жүлделерді сарапқа салуда.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Заводиленко Владислав жоғары нәтиже көрсетті. Ол командалық есепте алтын медальға 🥇, ал жеке есепте қола жүлдеге 🥉 ие болды.
Сонымен қатар, спортшы 117/125 нәтижесін көрсетіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін сәтті орындап, жеке рекордын жаңартты.
