Skip to content

БАҚБЕРГЕН – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!🔥🥇

Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қуанышты жеңіс! Ерлер арасындағы финалдық сынға шыққан спортшымыз – Бақберген Алиасқаров 80 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.

Финалда ол Қырғызстанның былғары қолғап шебері Сағын Сатыбалды уулу мен алтын жүлде үшін айқасты. Алғашқы екі раундта қарсыласы белсенділік танытып, басымдықты өз қолында ұстауға тырысқанымен, шешуші кезеңде Бақбергеннің шеберлігі мен мықты дайындығы айқын көрінді.

Қарсылас физикалық тұрғыдан шаршап, қарқынына ілесе алмай қалды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Бақберген екі мәрте нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті!

Жеңіс құтты болсын, Бақберген!

Tags:

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *