Skip to content

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТРИАТЛОНШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

2026 жылғы 23–24 қаңтар аралығында Астана қаласында жабық ғимаратта триатлоннан юниорлар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының ел біріншілігі өтті.

Аталған жарысқа еліміздің 7 өңірінен 130 спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін өзара мықтыны анықтады.

Ел біріншілігі қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

🥇 Айнегов Рамазан — 1-орын (U19)
🥇 Ержанова Диана — 1-орын (U19)
🥈 Ким Аида — 2-орын (U19)

Астаналық спортшыларды ел біріншілігіндегі табысты өнерлерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *