Skip to content

ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

2026 жылғы ересектер арасындағы алғашқы ресми біріншілік — грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогі 12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында өтуде.

«Алматы Арена» төрінде еліміздің барлық өңірінен жиналған үздік балуандар өзара күш сынасуда. Дүбірлі додаға әлем және Азия чемпионаттарының, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де қатысып жатыр.

Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, грек-рим күресінен 60 кг салмақ дәрежесінде белдескен Айбек Айтбеков қола жүлдегер атанса, Бағлан Қуаныш та үздік үштіктен көрініп, Қазақстан кубогінің қола медалін жеңіп алды.

Елордалық балуандарды жетістіктерімен құттықтап, алдағы белдесулерге сәттілік тілейміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *