Skip to content

ЕҰУ студенттері үшін «Три дозы до смерти» деректі фильміне арнайы көрсетілім болып өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттеріне тележурналист Саби Байбосыновтың «Три дозы до смерти» деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Тағылымды кездесу жастарға терең ой салып, өмірлік таңдау мен жауапкершілік туралы ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Астана қаласының спортшылары мен ұлттық құрама мүшелері қатысып, салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ой бөлісті. Құрметті қонақтар қатарында:

Шорт-трек спорты бойынша — Санжар Жанисов, Ермек Малика
Конькимен жүгіруден — Жәрдембекұлы Алтай

Спортшылар жастарды дұрыс бағыт таңдауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және табандылық арқылы биік мақсаттарға жетуге шақырды.

Нашақорлық — жалған жылтыраған иллюзия ғана. Оның соңы өкініш пен орны толмас қайғыға алып келеді. Сондықтан әрбір жас саналы таңдау жасап, жарқын болашаққа қадам басуы тиіс.

15 ақпан күні сағат 21:15-те Хабар арнасынан «Три дозы до смерти» деректі фильмін тамашалауды ұмытпаңыздар.

Бапкерлер құрамынан алып тастау керек адамдар:
1)Бигали Зкрияев
2)Исламбеков Марат
3)Бектенов Галинур
4)Кабдуллаев Алишер
5)Волченко Сергей
6)Сатбаев Ерлан
7)Калиев Секен
8)Айсенов Арман
9)Довгун Ольга
10)Шайкенов Айтуар
11)Назаров Жанибек
12)Алимбаева М
13)Ли ОН
14)Сагадиев Кайрат
15)Темиров Нурсултан

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *