Skip to content

ИБРАГИМ — U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!🏆🔥

🥇🇰🇿 Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалында 86 келі салмақта ел намысын Ибрагим Бетаев қорғады.

Ол шешуші жекпе-жекте Қырғызстан спортшысы Азим Чойбековпен кездесіп, үш раунд бойы шеберлігін толықтай дәлелдеді. Барлық раундта басымдық танытқан Ибрагим ешқандай күмән қалдырмай, қарсыласынан айқын басым түсіп, жеңіске жетті.

Құтты болсын, Ибрагим! Тағы бір алтын — Қазақстан қоржынына!

Tags:

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *