2026 жылғы 20–21 қаңтар күндері Астана қаласында конькимен жүгіруден командалық қашықтықтар бойынша Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Астана қаласының мұз үстіндегі шабандоздары – Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Командалық спринт (әйелдер)
🥇 1-орын – Шабасова Екатерина, Важенина Дарья, Дауранова Алина
Командалық спринт (ерлер)
🥈 2-орын – Жанадилов Руслан, Гаврилов Демьян, Сатқожа Азамат
Командалық жарыс (әйелдер)
🥈 2-орын – Бачурина Диана, Шабасова Екатерина
Командалық жарыс (ерлер)
🥇 1-орын – Қайырғазы Абылайхан, Жанадилов Руслан, Сатқожа Азамат
Аралас жарыс
🥇 1-орын – Важенина Дарья, Жанадилов Руслан
Масс-старт (ерлер, 16 айналым)
🥈 2-орын – Сатқожа Азамат
🥉 3-орын – Қайырғазы Абылайхан
Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша
🥇 1-орын – Астана қаласының командасы.
Спортшылар мен бапкерлерді құттықтаймыз!
