Ел намысын қорғаған елордалық былғары қолғап шебері Валентина Хальзова құрлықтық додада қола жүлдегер атанды.
75 келі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Хальзова Қытай өкілі Бао Цзыимен кездесті.
Жекпе-жектің бірінші раундында отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта да аз ғана басымдықпен Валентинаның пайдасына шешілді. Алайда шешуші үшінші раундта төрешілер жеңісті қытайлық боксшыға берді. Нәтижесінде төрешілердің бөлінген шешімімен (қазақстандық спортшыдан ереже бұзғаны үшін ұпай шегерілді) Бао Цзыи жеңіске жетті.
Осылайша Валентина Хальзова Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.


