Skip to content

🥇ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА ТӨРТ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Біздің команданың көшбасшысы ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол – мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.

Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.

Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан.

Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.

Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.

Осылайша Астана қаласының спортшысы Жәмилә Бақбергенова – 4 дүркін Азия чемпионы атанған үшінші қазақ палуаны.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *